Спорт

Президент кубогы: Қазақстандық жұп чемпиондық атақ үшін таласады

Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Астанада Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық жұп жартылай финалда өзбекстандықтар Нигина Алимова – Сабрина Олимжановамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияны өзбекстандықтар өз есебіне жазды – 7:5. Екіншісінде Аружан мен Екатерина қарымта қайырды – 7:5. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:5.

Айта кетейік, қазақстандық дуэт финалда ресейлік Екатерина Хайрутдинова – белоруссиялық Анна Кубаревамен чемпиондық атақты сарапқа салады.