Спорт

Париж Олимпиадасында неше жүлде аламыз?

Спортшылардың басты мақсаты саналатын жазғы Олимпиаданың басталуына 1 жыл ғана уақыт қалды. Осы орайда Elorda info тілшісі Totallympics.com сайты арқылы Париж Олимпиадасына кіретін спорт түрлерінен өткен әлем чемпионаттарының қорытындысын бір саралап көруді жөн көрді. 

Әзірге Париж Олимпиадасының 1 ғана лицензиясына (велосипедтегі ерлер бәсекесі) қол жеткізсек те, жолдама үлестірілетін басты бәсекелер алда екені түсінікті. 

2021 жылы Токио Олимпиадасы өз мәресіне жетісімен, көптеген спорт түрлерінен 2-3 әлем чемпионаты өтіп үлгерді. 

Неше алтын алдық? 

1-орын. Бокс. 51 келі.

Сәкен Бибосынов (2021 жыл). 

Токио Олимпиадасынан кейінгі әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмесе де, биыл Ташкенттегі біріншілікте алғашқы айналымда сүрінді. 

1-орын. Жеңіл атлетика. 3000 метрге кедергімен жүгіру. Нора Джеруто (2022 жыл).

2022 жылы АҚШ-та өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Кениядан келген Нора Джеруто Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Алайда биыл спортшының болашақ сәбиіне аяғы ауыр екендігі жайлы ақпарат тарады. 

1-орын. Бокс. 71 келі. 

Асланбек Шымбергенов (2023 жыл) 

Бірнеше жыл бойы «қазақ салмағының» көлеңкесінде қалып келген Асланбек Шымбергенов Ташкентте өткен екінші әлем чемпионатында өз мүмкіндігін жібермеді.

2021 жылы әлем чемпионатында 1/4 финалда Юрий Захарянға 2:3 есебімен есе жіберген болатын. Осы Ташкенттегі додада 80 келі салмақта тағы бір спортшымыз Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды. 

Ол 2021 жылы 1/4 финалда Ресейден ауысқан Сербия боксшысы Владимир Мирончиковтан 2:3 есебімен жеңілген. 

Айта кетейік, Өзбекстан астанасындағы чемпионатта ІВА шешіміне сәйкес Олимпиада сертификаттары сарапқа салынған жоқ. 

Күміспен күптелген неше спортшы бар? 

2-орын. Дзюдо. 60 келі. 

Ғұсман Қырғызбаев (2021 жыл) 

2 жыл қатарынан 60 келіде жүлде алған Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың Париж Олимпиадасына бару мүмкіндігі төмен. Себебі, осы салмақта Мағжан Шамшидиннің рейтингісі жоғары. Ал Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге көтерілді. 

2-орын. Бокс. 57 келі. 

Серік Теміржанов (2021 жыл) 

2021 жылы финалға дейін жетсе де, Париж Олимпиадасына бару мүмкіндігі аз. Өйткені, ол «Elorda Cup» турнирінде әлем чемпионы Махмұд Сабырханға жол берді. Күзде өтетін Азия ойындарына Махмұд Сабырханның баратынын бас бапкер де құптады. 

2-орын. Бокс. 57 келі. 

Карина Ибрагимова (2021 жыл) 

Карина 2 әлем чемпионатында да жүлделі орыннан көріне білді. 

Қола жүлдеге іліккендер

3-орын. Грек-рим күресі. 67 келі. 

Алмат Кебіспаев (2021 жыл) 

3-орын. Брейк-данс. 

Амир Закиров (2021 жыл) 

Париж Олимпиадасына кіретін жаңа спорт түрінен көпшілік мамандар дәл осы Амирден жүлде күтеді.

3-орын. Бокс. 57 келі. 

Карина Ибрагимова (2022 жыл) 

3-орын. Бокс. 54 келі. 

Дина Жоламан (2022 жыл) 

3-орын. Грек-рим күресі. 60 келі. 

Айдос Сұлтанғали (2022 жыл) 

3-орын. Еркін күрес. 86 келі. 

Азамат Дәулетбеков (2022 жыл) 

3-орын. Дзюдо. 60 келі. 

Елдос Сметов (2022 жыл) 

3-орын. Дзюдо. 48 келі. 

Абиба Абужақынова (2022 жыл) 

3-орын. Стенд атудан аралас командалық сайыс. 

Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай (2022 жыл) 

3-орын. Ауыр атлетика. 73 келі. 

Алексей Чуркин (2022 жыл)

19 жастағы талантты жас атлетіміздің Париж Олимпиадасына бару ықтималдығы төмен. Себебі, ауыр атлетика айналасындағы допинг дауы кесірінен Қазақстан мүлдем бармауы да мүмкін.

3-орын. Бокс. 66 келі. 

Надежда Рябец (2023 жыл) 

Токио Олимпиадасында қыздар бәсекесінде 75 келіде сынға түсіп, алғашқы айналымда жарысты аяқтаған Надеждаға бойының қысқалығы кедергі келтірген секілді. Алдағы Олимпиада жолдамасы үшін 9 келі төмен салмақта жұдырықтасады.

3-орын. Бокс. 75 келі. 

Валентина Хальзова (2023 жыл)

Жалпы, 2021 жылдан бері өткен әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 12 қола жүлде иеленген. 

Осы орайда Орталық Азия мемлекеттерінің де статистикасына бір қараған жөн. 

Өзбекстан 7 алтын, 6 күміс, 8 қола. 

Көрші өзбек ағайындар бокстан өз жерінде өткен әлем чемпионатында Олимпиадалық салмақта 4 алтын алды. Ал 2022 жылы дзюдодан 2 алтын еншілеген. 

Қырғыз Республикасы 4 алтын, 1 күміс, 4 қола. 

Қырғыздар барлық жүлдені күрес түрлерінен өткен әлем біріншілігінде қол жеткізіпті. 

Тәжікстан 1 қола. 

Бокстан 63,5 келіде бақ сынайтын Баһадүр Усмонов Ташкенттегі жаһан додасында 3-орынға табан тіреді. 

Өкінішке қарай, Түркіменстан мемлекеті әзірше жүлде алмады. Дегенмен, Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан 59 келіде сынға түсіп, ел тарихындағы алғашқы күміс жүлдені сыйлаған Полина Гурьева бар екендігін естен шығармайық. 

Әзірге қазақстандық жанүйерлер осы спортшыларымызды Париж төрінде көреміз деп үміттеніп отыр. Тек, көріп қана қоймай, төрткүл дүние көз тіккен жарыста ел атын шығаратын ерлер деген сенім басым. Барлық боксшымызға Франция астанасында сәттілік серік болсын. Көк туымыз көбірек көтеріліп әнұранымыз шырқалсын. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->