Спорт

Париж Олимпиадасының қатысушыларын салтанатты түрде күтіп алды

Бүгін үстел теннисі және жүзу спортынан Париж Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз оралды, деп хабарлады Elorda.info.

2024 жылдың басты бәсекесі — Париж Олимпиадасына қатысқан Кирилл Герасименко (үстел теннисі) ел тарихында алғаш рет жеке сайыстан 1/8 финалға дейін жетті.

Ал астаналық Әділбек Мусин бірінші Олимпиадасында қос жаттығуда өнер көрсетті.

Айта кетейік, Астана қаласы Республика бойынша Париж Олимпиадасына ең көп  яғни 12 спортшысын жіберген болатын.

-->

«Бұл   —  мен қатысып жатқан үшінші Олимпиада ойындары. Алғашқыларымен  салыстырғанда Париж Олимпиадасындағы көрсеткішім ең үздік болып тіркелді. Жеребе де жақсы түсті. 1/8 финалда Египет спортшысын 2:0 есебімен жеңіп тұрып, есе жібергенім психологиялық жағынан қиынға соқты. Жүлдеге де таласуға болар еді. Енді ұзақ жаттығудан кейін қайтадан қалыпқа келуге тырысамын. Жеңілісті ұмытуға қанша уақыт кететінін білмедім. Менің Олимпиадаға қатысқаным өзге жастарды жігерлендіруде. Бұйырса,  Лос-Анджелес Олимпиадасында   командалық бәсекеде өнер көрсету  мен үшін үлкен мотивация болар еді», -  деді, үстел теннисінен ел намысын қорғаған Кирилл Герасименко.

Ал астаналық Әділбек Мусин бірінші Олимпиадасында қос жаттығуда өнер көрсетті.

«Олимпиада — мен қатысқан жарыстардың ішінде ең жоғары дейгейдегі бәсеке. Жауапкершілік мен қобалжу сезілді. Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», -  деп жүзу спортында сынға түскен Әділбек Мусин өз пікірін білдірді.

Айта кетейік, Астана қаласы Республика бойынша Париж Олимпиадасына ең көп  яғни 12 спортшысын жіберген болатын.