Спорт

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше форматта өтеді

Бүгін Париж Олимпиадасының алауы тұтанады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды іс-шара тарихи оқиғаларға толы болмақ.

Іс-шараның көркемдік жетекшісі – театр режиссері Томас Жолли.

Ашылу салтанатына 3 мың өнерпаз қатысады, сонымен қатар көрермендер Селин Дион мен Леди Гаганың өнерін тамашалай алады.

Қазақстан жанкүйерлері Олимпиаданың ашылу салтанатын сағат 22:30-да Qazaqstan, QAZSPORT, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

-->

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта өтеді. Яғни спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтеді. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шығады.

Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадерода аялдайды, - делінген Туризм жəне спорт министрлігінің ақпаратында.