Париж Олимпиадасында неше отандасымыз туған күнін атап өтеді
2024 жылдың басты додасы – Париж Олимпиадасы 26 шілде - 11 тамыз күндері аралығында өтеді. Осы орайда Elorda.info тілшісі еліміздің атынан қатысатын 79 спортшының қайсысының туған күні Олимпиада уақытымен сәйкес келетінін қарап көрді.
Бекарыс Раматулла – байдаркада ескек есуден бірінші рет жазғы Олимпиадаға қатысып жатқан спортшы 26 шілде күні 22 жасқа толды. Спортшы 6 тамыз күні ғана жарыс жолына шығады.
Ксения Игнатова (жүзу) – 2 тамыз күні 19 жасқа толады. Спортшы 29 шілде күні өнер көрсетеді.
Константин Малиновский (нысана көздеу) – 3 тамыз күні 25 жасқа толады. Спортшы 31 шілде жүлдеге таласады.
Данияр Шамшаев (дзюдо) – 8 тамыз күні 23 жасқа толады. Ал спортшының өзі 29 шілде күні жеке және 3 тамызда аралас командалық сайыста бақ сынайды.
-->