Спорт

Париж Олимпиадасы: Билеттер сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті

Париж Олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.   

Мұндай сатылым осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады. Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Ол кезде спортсүйер қауым 8,3 миллион билет алған. Ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.

Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

-->

«8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», — деп түсіндірді ол.