Париж Олимпиадасы-2024: Іріктеу кезеңі қалай өтті
2024 жылдың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына 2 аптадан аса ғана уақыт қалды. Осы орайда Қазақстан үшін іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылдан бері жалғасқан Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңі ресми түрде аяқталды. Турнирлердің қорытындысы бойынша, елімізден 80 спортшы 92 лицензияға иелік етті. Бұл өз тарихымыздағы ең төменгі көрсеткіш. Салыстырмалы түрде бұған дейінгі Токио Олимпиадасында 96 қатысушы жүлдеге таласқан болатын. Бірақ ол сәтте су добынан ерлер құрамасы (13 спортшы) қатысса, биыл командалық сайыс түрінен жолдама бұйырмады. Ал ең жоғарғы көрсеткіш 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында тіркелген. Ол сәтте 132 спортшымыз ел намысын қорғағанымен, командалық гандбол мен волейболдан 27 отандасымыз өнер көрсеткен еді.
Орталық Азия мемлекеттерінің жолдамасына да назар аударсақ. Бірінші рет Париж Олимпиадасында көршілес Өзбекстан елінен 86 спортшы бақ сынап, Қазақстаннан басып озды. Алайда ала тақиялы ағайындардың футбол құрамасы (18 футболшы) да алғаш рет қатысып жатқанын ескерген жөн. Қырғызстан 5 спорт түрінен 15 өкілін, Тәжікстан 4 спорт түрінен 11 сайыпқыранын қосады. Түркіменстан 2 спорттан ең аз 3 отандасына ғана сенім артады.
Мақсат орындалды ма?
2024 жылдың наурыз айында Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі Серік Жарасбаев 23-26 спорт түрінен 90 лицензияны көздейтінін айтса, сәуір айында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 20-25 спорт түрінен 80 лицензияны жоспарлайтынын мәлімдеді.
Қай спорт түрінен жолдама алдық?
Бокс – 10 спортшы
Дзюдо – 8 спортшы
Жеңіл атлетика – 7 спортшы
Байдарка және каноэде есу – 6 спортшы
Нысана көздеу – 6 спортшы
Семсерлесу – 5 спортшы
Теннис – 5 спортшы
Грек-рим күресі – 4 спортшы
Еркін күрес – 4 спортшы
Садақ ату – 3 спортшы
Стенд ату – 3 спортшы
Велошоссе – 2 спортшы
Жүзу – 2 спортшы
Қазіргі бессайыс – 2 спортшы
Таеквондо – 2 спортшы
Спорттық гимнастика – 2 спортшы
Батуттық гимнастика – 1 спортшы
Бадминтон – 1 спортшы
Академиялық ескек есу – 1 спортшы
Көркем гимнастика – 1 спортшы
Триатлон – 1 спортшы
Үстел теннисі – 1 спортшы
Құзға өрмелеу – 1 спортшы
Брейкинг – 1 спортшы
Қай спортта ұттық және ұтылдық?
Ең көп 48 жүлде ойнатылатын жеңіл атлетикада небары 7 спортшымызға 8 жолдама бұйырды. Оның екеуі Кениядан ауысып келген Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей. 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында Нора Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіруде қашықтықты 8:53.02 уақытпен еңсеріп, Қазақстанға тұңғыш алтын жүлде әперген болатын. Бірақ 2023 жылы допинг дауына байланысты 1 жылдай ресми жарыстарда бой көрсетпей, тек 2024 жылғы АҚШ-тағы USATF Los Angeles Grand Prix турнирінде 9:22.45 нәтижесімен жолдаманы иеленді. Бұл өте нашар көрсеткіш. Бірақ Париж Олимпиадасына желаяғымыз қалпына келсе, чемпиондыққа басты үміткер болмақ. Өкінішке қарай, әр Олимпиада сайын жеңіл атлеттеріміздің саны қысқарып келеді.
Ауыр атлетикадан алғаш рет Қазақстан жүлдеге араласа алмайды. Естеріңізде болса, Токио Олимпиадасында допингке байланысты 1 ер және 1 әйелге қатысуға рұқсат беріліп, Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола жүлдегер атанған еді. 2022 жылы Богота (Колумбия) қаласындағы әлем чемпионатында 73 келідегі Алексей Чуркин мен 96 келідегі Нұрғиса Әділетұлы жүлдегерлер тұғырынан көрініп, әжептәуір үміт сыйлаған. Алайда 2022 жылдан бері 34 ауыр атлетіміз допингке байланысты спорттан шеттетілді. Олардың арасында фавориттеріміз де болғандықтан, Парижге ешкім өтпеді.
Күрес түрлерінен небары 8 жолдамаға иелік еткенімізбен, әйелдер бәсекесінде 2004 жылдан кейін қайта бірде-бір спортшымыз бармайды. Соңғы жолдама кеше Ресей балуандарының Олимпиадаға қатысуынан бас тартуына орай, еркін күрестен 57 келідегі Мейрамбек Қартбайға бұйырды. Токио Олимпиадасында 6 салмақта Ресей 3 алтын, 2 қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл көп спортшыларға жол ашқанымен, 2024 жылға дейін Ресейдегі біршама балуан өзге елдерге ауысып үлгерді. Мысалы, 57 келіде Албания атынан 2022 жылғы Әлем чемпионы Зелимхан Абакаров пен Македония атынан 2022 жылғы Еуропа чемпионы Владимир Егоров бақ сынайды. 86 келіде Әзербайжан атынан Әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері Рсман Нұрмагомедов, Өзбекстан атынан 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жавраил Шапиев, Грекия атынан 2 дүркін Еуропа чемпионы Дәурен Куруглиев, Болгария атынан Магомед Рамазанов жүлдеге араласады. 97 келіде Әлішер Ерғали 2023 жылы Әлем чемпионы атанған Ахмед Тажудиновты (Бахрейн) жеңуі тиіс. Салыстырмалы түрде Токио Олимпиадасында 11 балуанымыз жүлдеге таласқан.
Теннистен 5 спортшымыз қатысқанымызбен, чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі ретінде 2022 жылғы «Уимблдон» бәсекесінің чемпионы, әлемдік рейтингте 4-орында тұрған Елена Рыбакинаға сенім артылады. Токио Олимпиадасының жартылай финалисі Елена кейінгі 3 жылда «Уимблдонда» 3 жыл қатарынан ширек финал, 2024 жылы «Australian Open» жарысында финалға, «Roland Garros» үлкен дулығасында ¼ финалға дейін жетті. Қазіргі сәтте букмекерлердің пайымдауынша, Елена Рыбакина чемпион атануы мүмкін спортшылардың тізімінде ТОП-3-ке кіріп тұр. Юлия Путинцева мен Александр Бублик те биылғы маусымды өте сәтті өткеріп, жеке рейтингте рекордтарын жаңартты.
Дзюдода 8 спортшы жолдама алғанымен, басты үміт 27 шілде күні 48 келіде Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері Әбиба Абужақынова мен 60 келіде Олимпиаданың 2 мәрте жүлдегері Елдос Сметовтен күтіледі.
Басты сенім бокс екені түсінікті. Биыл ерлер құрамасы 3-ші мәрте Олимпиадаға толық құрамда барады. 2023 жылы Ташкентте өткен Әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс алғаннан кейін, жанкүйерлер де тек жоғарғы орындарды талап етеді. Бірақ соқыр жеребе болғандықтан, барлығы бақ пен төрешілердің де шешіміне тікелей қатысты болмақ. Мысалы, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында алғашқы кезеңде-ақ 80 келіде Әлем чемпионаттарының финалистері Нұрбек Оралбай мен Тоқтарбек Таңатқанның жолы түйіссе, 71 келіде Асланбек Шымбергеновтың жартылай финалда Жапония өкілі Севон Окадзавамен болған даулы жекпе-жегі әлі көпшіліктің есінде.
Париж Олимпиадасына баратын спорттардың ішінде ең қуантатыны – нысана көздеу. 15 жүлде жиынтығы сарапқа салынатын бәсекеде 9 отандасымыз жүлдеге таласады. Токио Олимпиадасында небәрі 3 қана спортшымыз өнер көрсеткен болатын. Бұл сайыста сонау 1996 жылы Атланта Олимпиадасында винтовкамен атудан Сергей Беляев пен Владимир Вохмянин жүлдегерлердің қатарына кірді.
Семсерлесу спортынан ерлер құрамасы іріктеу кезеңінде өте жақсы өнер көрсетіп, 2023 жылы Түркиядағы Әлем кубогінің кезеңінде командалық сайыстан чемпион атанса, Италиядағы Әлем чемпионатында Руслан Құрбанов қола жүлдеге қол созды. Командалық сайыста 8 ғана мемлекет қатысатындықтан, жүлдегерлер қатарына ену мүмкіндігі жоғары. Жеке сайыста 35 спортшының арасынан 3 жерлесіміз жүлдеге ұмтылады.
Спорттық гимнастикадан Милад Карими ең көп 7 сайыста бақ сынайды. 2023 жылы Милад Бельгиядағы Әлем чемпионатында көпсайыстан қола жүлде алғандықтан, үміт күтеміз. Ат снарядындағы жаттығудан Әлем кубогінің кезеңдерінде топ жарып жүрген Нариман Құрбанов та Париж төрінде аянып қалмасы белгілі.
Қандай ерекшелік бар?
- Алғаш рет Қазақстан бадминтон мен брейкинг спортынан қатысады. Әсіресе Париж Олимпиадасында брейкингтен ең аз 32 спортшы ғана жүлдеге араласпақ. Олардың арасында отандасымыз Амир Закиров бар.
- Париж Олимпиадасында бірінші рет әйелдер мен еркектердің үлесі тең болады. Бірақ бұл Қазақстан сапынан жолдама алған спортшыларда мүлдем олай емес. Бізден 54 ер (67,5%) мен 26 әйел (32,5%) басты додаға барады. Орташа жасы – 26,5 жасты құрайтын спортшыларымыздың 54-і (67,5%) Олимпиадаға бірінші рет жолдары түспек.
- Ең жасы таеквондодан Батырхан Төлеуғали (17 жас) болса, ең егдесі семсерлесуден Эльмир Әлімжанов (37 жас) тіркелді.
Қай облыс көшбасшы?
Олимпиада өңірдегі спорттың көрсеткіші ретінде есептелетіндіктен, биыл өкінішке қарай, Қостанай, Ұлытау, Маңғыстау облыстары 2 апталық бәсекені тек көк жәшіктен көруге мәжбүр.
Париж бізді қуанта ма әлде жабырқата ма? Барлығын енді 1 айдан кейін көреміз.
-->