Спорт

Паражүзушілер Сингапурда үш медаль жеңіп алды

Сингапурда паражүзуден әлемдік серия кезеңі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық паражүзушілер бір алтын және екі қола медаль ұтып алды, деп хабарлады Elorda.info.  

Зульфия Ғабидуллина кешенді жүзуде 150 м қашықты 3:43.87 уақытымен өтіп, алтын медаль иеленді. Ал 50 м баттерфляйда және шалқалап жүзуде отандасымыз Сиязбек Далиев екі қола медальді еншіледі.  

Аталған жарысқа еліміздің атынан тағы екі спортшы Диас Кенжебек пен Нұрдәулет Жұмағали қатысты.

Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу жарысы болып табылады. Бұл сайысқа әлемнің 22 елінен 126 спортшы қатысты. 

-->