Спорт

Паралимпиада ойындары: бүгін ел намысын кімдер қорғайды

Франция астанасында паралимпия ойындары жалғасуда. ҚР Туризм және спорт министрлігі бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер өнер көрсететінін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрліктің мәліметінше, бүгін 3 қыркүйекте сағат 13:21-де паражүзуден Сиязбек Далиев жарыс жолына шықса, сағат 14:04-те осы спорт түрінен Нұрдәулет Жұмағали бағын сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.