Спорт

Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін қазақстандықтар қай спорт түрінен сайысқа түседі

Бүгін, 2 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тек бір сайыс түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалда Египеттен келген командамен кездеседі.

Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ге жоспарланған.