Парадзюдон әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жайт тіркеліп, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.
3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді.
Айта кетейік, жерлестеріміз үшін бұл спорттық мансаптарындағы алғашқы жүлде.