Спорт

Қоян-қолтық ұрыстан әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қоян-қолтық ұрыстан әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері бір алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Руслан Жақсылықов спортшыларға жекпе-жектен әлем чемпионатында лайықты өнер көрсеткені үшін алғыс білдірді.

3d77f9a28ae7955a9d0187a327a38b73_1280x720.jpg

Қорғаныс ведомствосының басшысы әлем чемпионатында көзге түскен әскери қызметшілер мен олардың жаттықтырушыларын ақшалай және естелік сыйлықтармен марапаттады. 

-->

Әскери қызметшілер өзгелерге үлгі болуы керек. Қызметтік міндеттерді сапалы орындау үшін әрбір әскери адамның күш-қуат тұрғысынан дамыған және төзімді болуы шарт. Біздің басты мақсатымыз – Қарулы күштерде қоян-қолтық ұрысты дамыту және әрбір әскери қызметшінің, оның ішінде мерзімді қызмет сарбаздарының негізгі дағдылар мен техниканы меңгеруіне қол жеткізу. Сіздерді жоғары жетістіктеріңізбен құттықтаймын, алдағы сайыстарда жаңа жеңістер тілеймін, – деді Қорғаныс министрі.

Қорғаныс ведомствосының басшысы әлем чемпионатында көзге түскен әскери қызметшілер мен олардың жаттықтырушыларын ақшалай және естелік сыйлықтармен марапаттады.