Отбасы күніне орай елордада эстафета жарысы өтті
Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында командалық эстафета жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде Отбасы күні аталып өтiледi.
Qazstat дерегіне сәйкес, 2012 жылы 164 мың отбасы құрылса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 128 мың отбасыны құраған.
Рейтингке көз жүгіртсек, Астана қаласы көш бастап тұр. Сондықтан да елордада отбасы құндылықтары әрдайым насихатталуы тиіс.
Осы орайда «Аспан» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарыста «Арыстан», «Таэквондо», «Барыс» топтары 5 сайыстан тұратын бәсекеде сынға түсті.
Жеңіс үшін таласқа түскен қатысушыларға жылдамдық және командалық ауызбіршілік көрсете білу қажет болды. Тартысқа толы жарыста командалар бір-біріне есе жібергісі келмеді. Нәтижесінде «Таэквондо» командасы 19 ұпаймен топ жарса, «Арыстан» мен «Барыс» құрамалары бірдей 18 ұпай жинады. Күміс жүлдені анықтау үшін қосымша жылдамдыққа жүгіруден жарысып, «Барыс» құрамасы басым түсті.
Жарыс соңында барлық қатысушылар мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде Отбасы күні аталып өтiледi.