Спорт

Осы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі 14-20 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты

Біріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады. Өтетін орны: Орал қаласы.

16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңі

Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады. Өтетін орны: Атырау қаласы.

17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты

Ел чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды. Өтетін орны: Астана қаласы.

17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионаты.

Турнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Алматы қаласы.

17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогі

Жарысқа 450-ден астам спортшы қатысады. Өтетін орны: Қарағанды қаласы.

17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Қазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады.

Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.

18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі

Отандық 8 спортшы өнер көрсетеді. Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.

18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турнирі

Ел намысын 13 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.

19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турнирі

Жарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады. Өтетін орны: Алматы қаласы.

20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңі

Қазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады. Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.