Спорт

Олимпиада жүлдесінен бас тартқан Қазақстан спортшысы кім?

Су спорты түрлерінен Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатында үш спортшы мәреге бірдей жетіп, күміс алғанын таңғала айтып жатыр. 1992 жылы ауыр атлетикадан Олимпиада тарихында да тура осындай жайт тіркелген, деп жазады Elorda.info.

Ауыр атлетикадан 1992 жылы өткен Барселона жазғы Олимпиадасында 82,5 келідегі үш спортшы да бірдей салмақ көтерді.

1-орын. Димас Пиррос (Грекия) – 370 келі

2-орын. Кшиштоф Семен (Польша) – 370 келі

3-орын. Ибрагим Самадов (ТМД мемлекеттерінің біріккен құрамасы) – 370 келі

Нәтижесінде жарыс ережесіне сәйкес, салмағы ең ауыр (0,05 кг) Ибрагим Самадов қола жүлде иеленді. Ал Грекия мен Польша спортшысының салмағы бірдей болғандықтан, қос жаттығуда 370 келіні  бірінші көтерген Димас Пиррос чемпион атанды. Алайда эмоцияға ерік берген Ибрагим Самадов подиумда қола жүлдесінен бас тартып, кетіп қалды. Салдарынан ХОК ұйымы Ибрагимді қола жүлдегер атағынан айырды. Сонымен қатар 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан  (2 жыл спортпен айналысуға тыйым салынды) шеттетті.

Шешенстанда туған Ибрагим Самадов 1996 жылы өз жеріндегі соғыс кесірінен Қазақстанға қоныс аударады. Спортшының айтуынша, Қазақстандағы спортпен айналысуға деген мүмкіндіктің жасалмауы оның көрсеткішіне де әсер етіпті. 

Самадов туралы кейбір дерек бойынша, ол  1997 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында қос жаттығуда 365 келіні көтеріп, жүлде алған. Бірақ бұл нәтижені нақтылау мақсатында ҚР ауыр атлетика федерациясына хабарласқан едік. Алайда ұйым өздерінде ол кездегі мәлімет жоқ екенін айтты.

Ол сондай-ақ,  1997 жылдың желтоқсан айында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Таиландта өткен әлем чемпионатына қатысып, алғашқы 155 келіні бағындыра алмады. Бұл сәтсіздікке экзотикалық тамақтан қатты уланғаны себеп болған.   Осы біріншіліктен соң Ибрагим спорттық мансабын аяқтаған. Дәл қазір ауыр атлетикадан Ресей ұлттық құрамасын баптап жүр. 

Барселона Олимпиадасына дейінгі КСРО сапындағы жетістіктері:

1991 жыл. Әлем чемпионаты. 82,5 келі. Салмағы жеңіл болғандықтан, әлем чемпионы атанды.

Ол жолы  Ибрагим Самадов – 367,5 келіні бағындырды. 

Осы жарыста  Александр Блыщик екеуі де бірдей салмақты көтереді. Алайда жарыс шартына сәйкес Самадовтың салмағы қарсыласынан жеңіл болғандықтан алтын медаль оған беріледі.  Блыщик күміс медальді мәісе тұтқан. 

Аталаған жарыста 3-орын 357,5 келіні бағындырған болгариялық  Пламен Братойчевке бұйырған.   

Ибаргимнің одан кейінгі ауыз толтырып айтар жеңісі 1992 жылғы  Еуропа чемпионатында топ жаруы. Ол кезде де өзінің  82,5 келі салмағымен өнер көрсеткен. Кәрі құрлық біріншілігінде ол  357,5 келілік зілтемірді дегеніне көндіре алған.  

Қанат Байұзақов

-->