Спорт

Қола жүлдегер атанған қазақстандық спортшыға Азиаданың күміс медалі табысталды

Шаңғы жарысынан Харбинде өткен 2025 жылғы Азиада финалында үшінші болып келген қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ерлер арасындағы спринтте марапаттарды қайта бөлу жапондық спортшы Харуки Ямашитаның «жарысқа тыйым салынған материалдарды қолданғаны» үшін жарыстан шеттетілуіне байланысты орын алды.

Осылайша, Константин Борцов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал қола медаль қытайлық Салике Саймухайерге бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстан алғашқы медальді шорт-тректен жеңіп алған болатын.