Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі 6 мамырда өтеді


UFC 34 жастағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлады Elorda.info sports.ru-ға сілтеме жасап.
Жалғас 6 мамырда Нью-Джерсиде өтетін UFC 288 нөмірлі турнирі аясында өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы америкалық Нэйт Манесс болмақ. Манесс UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегінде – Умар Нурмагомедов пен Тагир Уланбековтен жеңіліп қалды. Ал бұған дейін ол промоушенде үш жеңіске жетті.
Ал Жұмағұлов UFC аясында алты жекпе-жек өткізіп, бір ғана жеңіске жетіп, бес рет жеңілген. Жалғас үшін Манесспен жекпе-жек UFC-мен келісім бойынша соңғысы болмақ.
UFC 288 турнирінің басты оқиғасы Генри Сехудо мен Алджамейн Стерлинг жекпе-жегі болады. Сонымен бірге турнирде Чарльз Оливейр мен Бенеил Дариуш жұдырықтасады.