Спорт

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын тағы ұтты

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада әлем құрамасына қарсы тағы төрт раунд өткізді. Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Йифанды жеңді, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ қазақстандық әзірбайжандық Гунай Вугарқызы Мамедзадені ұтты. Асаубаева тағы екі ойынды грузиялық Нана Дзагнидзе мен үндістандық Харика Дронаваллимен тең аяқтады. Нәтижесінде сегіз раундта Бибісара бес ұпай жинап, үш рет жеңіске жетіп, төрт рет тең түсіп, бір рет ұтылды.

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Жансая Әбдімәлік осыншама ұпай жинап, екі жеңіске жетіп, алты рет тең түсті.

Динара Сәдуақасова сегіз раундта 4,5 ұпай жинады. Ұлттық құрамаға алты жеңіс және екі жеңіліспен Алуа Нұрманова ең көп ұпай әкелді. Матч 34,5 - 29,5 есебімен әлем құрамасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бірінші күні Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтінгінде көш бастап тұрған Хоу Йифанды алғаш рет ұтты.

-->