Астанада футбол жанкүйерлері одақ болып бірігеді
Елордада спорт белсенділері Қазақстанның жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 17 қарашада футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчына жиналған спорт сүйер қауым Қазақстан жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады. Олар – спортшылар, еріктілер, елорданың белсенді тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада футболдан -2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчы өтіп жатыр, онда Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдайды.
-->Елордада спорт белсенділері Қазақстанның жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 17 қарашада футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчына жиналған спорт сүйер қауым Қазақстан жанкүйерлер одағы болып бірігу туралы шешім қабылдады. Олар – спортшылар, еріктілер, елорданың белсенді тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Қазір футболдан ұлттық құрамамызға отандастарымыздың қолдауы қажет. Идея көптен бері бар болатын. Біз спорттық іс-шаралардағы мәдениеттің сақталуын қолдаймыз. Сол сияқты футбол ғана емес, спорттың кез келген түрі бойынша біріккіміз келеді.Сондай-ақ, жанкүйерлер кодексін қабылдау жоспарланып отыр, онда стадиондардағы тәртіптің негізгі нормалары мен этикасы жазылады. Матч өткізілетін орындар жұртшылық үшін қауіпсіз болуы тиіс, - деді Қазақстанның жанкүйерлер одағын құрудың бас бастамашысы Әзиз Оразбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада футболдан -2024 чемпионатының іріктеу кезеңінің матчы өтіп жатыр, онда Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын қабылдайды.