Спорт

Астаналық спортшы қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Жетісу облысында көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізі қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған қазақ күресінен Әлем кубогі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек,  жарысқа әлем елдерінен келген 20 құрама команда, 150-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. 

Солардың ішінде елордалық спортшы Ержан Еренғайыпов қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. 

04-09-7.jpg
Айта кетейік, Ержан Еренғайыпов 1992 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ержан Еренғайыпов қазақ күресінен 2018 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионы (Петропавл қаласы) және 2019 жылы Ақтөбе каласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегері атанды. Ал 2022 жылғы ҚР чемпионатында балуан 3-орын алды. 

-->