Спорт

Неше Олимпиада ойындарының жүлдегері Қазақстан азаматтығынан бас тартқан

Қазір әлеуметтік желіде дзюдодан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрахын Отгонцэцэгтің Қазақстан азаматтығынан бас тартып, қайтадан Моңғолия азаматтығын алғаны жайлы ақпарат қызу талқылануда. Осы орайда Elordainfo.kz тілшісі Олимпиада ойындарында жүлдегер атанып, өзге елге кеткен спортшыларды еске алғанды жөн көрді.

Владимир Смирнов шаңғыдан 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен қысқы Олимпиада ойындарында тәуелсіз Қазақстанға тұңғыш алтын медальды әперді. 1998 жылы Швеция азаматтығын алды.

Фото: BILDBYRAN / langrenn.com

Василий Жиров бокстан 1996 жылы Атланта Олимпиадасында чемпион атанды. Сол жылы кәсіпқой боксқа ауысып, АҚШ-қа қоныс аударды.

Фото: boxingnewsonline.net

Александр Парыгин қазіргі бессайыстан 1996 жылы Атланта Олимпиадасында чемпион атанды. 1997 жылы Аустралияға көшіп, тіпті 2004 жылы сол елдің атынан Афина Олимпиадасына қатысты.

Фото: Getty images / Henri Szwarc / 52845602

Алла Важенина 2007 жылы Ресей сапынан Қазақстанға ауысып, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ауыр атлетикадан күміс жүлде алды. 2009 жылы қайта Ресейге көшіп кетті. 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті чемпион атанған Қытай спортшысының нәтижесін жойып, Алла Важенинаға алтын медальды табыстады.

Геннадий Лалиев 1999 жылы Ресейден Қазақстанға ауысты. 2004 жылы Афины Олимпиадасында еркін күрестен күміс жүлде иеленді. Қазір Ресейде тұрады. Азаматтықтан бас тартқаны, тартпағаны белгісіз.

Мхитар Манукян 1997 жылы Армениядан Қазақстанға ауысты. 2004 жылы Афины Олимпиадасында грек-рим күресінен қола жүлде иеленді. Қазір АҚШ-та тұрады. Азаматтықтан бас тартқаны, тартпағаны белгісіз.

Сіз кімдерді білесіз?