Қазақ тарихында неше боксшы әлем чемпионы атанған (ФОТО)
Бокссүйер қауым Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын қалт жібермей, көріп жатыр. Осы орайда Elorda.info 1993 жылдан бері әлем чемпионатына қатысып келе жатқан Қазақстаннан неше жеңімпаз шыққанын тізбелеп шықты.
1999 жыл. Хьюстон
51 келіде сынға түскен Болат Жұмаділов қазақ тарихындағы ең алғашқы әлем чемпионы саналады. Ол финалда Аргентина боксшысы Омар Нарваезды 6:4 есебімен жеңді.
2003 жыл. Бангкок
57 келідегі Галиб Джафаров Қазақстанның тумасы, бірақ Германияның атынан сынға түскен Виталий Тажбертті 43:35 есебімен жеңді.
Кәсіпқой бокстағы мақтанышымыз Геннадий Головкин 75 келіде өнер көрсетіп, Украина спортшысы Олег Машкинді 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
2005 жыл. Мьяньян
64 келідегі Серік Сәпиев Өзбекстан боксшысы Дилшод Махмудовты 39:21 есебімен жеңді.
81 келіде сынға түскен 21 жастағы Ердос Жаңабергенов Хорватия боксшысы Марио Сиволижаны 27:12 есебімен жеңді.
2007 жыл. Чикаго
64 келідегі Серік Сәпиев әзірге Қазақстан тарихында 2 дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы. Ол Ресей боксшысы Геннадий Ковалевтен 20:5 есебімен басым түсті.
2013 жыл. Алматы
Өз жерімізде өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары 4 бірдей алтын жүлдені жеңіп алды.
49 келідегі Біржан Жақыпов Алжир боксшысы Мохамед Флиссиді 3:0 есебімен жеңді.
64 келідегі Мерей Ақшалов Куба қабыланы Яснер Толедо Лопесті 3:0 есебімен жеңді.
69 келідегі Данияр Елеусінов тағы бір Куба қабыланы Ариснойд Деспайнді 3:0 есебімен жеңді.
75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы Ирландия боксшысы Жейсон Куиглиден 3:0 есебімен басым түсті.
2017 жыл. Гамбург
56 келі. Қайрат Ералиев АҚШ-тың мықты боксшысы Дюк Рэганды 3:2 есебімен жеңді. Бірақ Қайратқа Токио Олимпиадасына бару мүмкіндігі бұйырмады.
2019 жыл. Екатеринбург
81 келі. Жарақатына байланысты Бек Нұрмағанбет әлем чемпионатын өткізуге мәжбүр болды. Оның орнын алмастырған Бекзад Нұрдәулетов атақты Куба боксшысы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 5 дүркін әлем чемпионы, Хулио Ла Крузды жеңді. Ал финалда Өзбекстан өкілі Дилшод Рузмедовты оңай жеңді.
2021 жыл. Белград
48 келідегі Теміртас Жүсіпов Қазақстан тарихында әлем чемпионы атанған ең егде боксшы саналады. Ол 33 жасында Таиланд боксшысы Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен жеңді.
51 келідегі Сәкен Бибосынов жекпе-жекте аутсайдер саналса да, АҚШ боксшысы Роско Хиллге еш мүмкіндік бермеді. Есеп 5:0!
Ал биыл 15-ші әлем чемпионы кім атанады екен? Барлығы уақыт еншісінде!
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Бокссүйер қауым Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын қалт жібермей, көріп жатыр. Осы орайда Elorda.info 1993 жылдан бері әлем чемпионатына қатысып келе жатқан Қазақстаннан неше жеңімпаз шыққанын тізбелеп шықты.