Назар Қожанов суға секіруден әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты
Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында суға секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Назар Қожанов өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
31 шілдеде ол үш метрлік трамплиннен суға секіруден өткен іріктеу кезеңіне қатысты.
Қожанов төрешілердің шешімімен 324,55 ұпай жинап, өз жеке рекордын жаңартты.
Нәтижесінде Назар 45-орынды иеленді.