Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасына ие болды
Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлады Elorda.info.
Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін бәсекеде Олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкқа есе жіберді.
Дегенмен жарыс шарты бойынша жеңіліп қалғандар үшін тағы бір жолдама ойнатылды.
Бұл белдесуде Нұрсұлтан әзербайжандық Ислам Аббасовты 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Сөйтіп өз салмағында бесінші орынға табан тіреп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Осылайша, күрес түрлерінен дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасына қос жолдама бұйырды.
-->Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін бәсекеде Олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкқа есе жіберді.