Нұргүл Ұлжекова: Мемлекет тарапынан параспортқа көп көңіл бөлініп жатыр
Астана қаласында 2 мәрте боччадан ел чемпионаты мен 3 мәрте Children Paralympic Games инклюзивті спорт фестивалін ұйымдастырған, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы, «100 жаңа есім» жобасының спорт саласы бойынша жеңімпазы Нұргүл Ұлжековамен параспорт саласы жөнінде сұхбаттасуды жөн көрдік, деп жазады Elorda.info тілшісі.
2016 жылы сіз және өзге ата-аналардың бастамасымен Махамбет Өтеміс атындағы Оқушылар сарайында алғаш рет каратэден секция аштыңыздар. Оған дейін сіз секілді ата-аналарда ондай идея болмаған ба?
Уақыт - зымыран. Жақында ғана болған сияқты... Расында да, ол кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға каратэден үйірме ашқан жалғыз біз едік. Менің ұлымда - церебралды сал ауруы. Бұл ауру бұлшықет қозғалысы мен үйлестіруге әсер ететін бұзылулар тобына жатады. Оған қоса көбінде спастикалық немесе бұлшықеттердің қатаюы, еріксіз қозғалыстар болуы мүмкін.
Ұлымда еріксіз қозғалыстар бұрын көп болатын. Каратэның «каталарын» ЛФК* ретінде бейімделуге болатын идеяны оңалту дәрігері, мықты маман, менің досым және қазіргі әріптесім Айнұр Нұрхожаева 2016 жылы көрсеткен болатын. Сонда ғана ұлым спорт арқылы барлық денсаулыққа керек жаттығуларын ала алатынына көзім жетті. Сондықтан біз басқа ата-аналармен бірігіп, бейімделген каратэ спорт үйірмесін ұйымдастырдық. Бапкер ретінде ЛФК маманмен келіскен болатынбыз.
Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайындағы спорт залына аптасына 2 рет өз бапкерімізбен келеміз деп, директормен меморандумға қол қойдық. Бапкердің жалақысын өзіміз - аналар ай сайын жинастырып беретінбіз. Сол кезде он шақты бала жиналды. Достарын тауып, денесін шынықтырып, балаларымыз өздерін мүлде басқаша сезінді - спортқа құштарлығын арттырып, өздеріне деген сенімділігі күшейді. Бірнеше ай өткеннен кейін жақсы бапкерді тауып, біз бейімделген жүзу, инклюзивтік хореография, бейімделген таэквондо үйірмелерін ұйымдастырдық. Ал 2017 жылы жалпы бұл бейімделген спорттық үйірмелер туралы идеямыз «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобаға айналды да, тұрақты серіктестер мен демеушілер табылды.
2011 жылғы дерекке қарасақ, кәмелетке толмаған 50 мыңдай бала мүгедек ретінде тіркелген. Ал 2021 жылы 100 мыңға дейін артыпты. Жалпы, кері көрсеткіштердің өсуіне не әсер етіп жатыр деп ойлайсыз?
- Менің ойымша, әрқашанда денсаулығы жағынан шектеулі балалар көп болатын. Тек бұрын медицина әлсіздеу болғандықтан, мерзімінен бұрын, салмағы аз болып, генетикалық аурулармен туған нәрестелерді емдеу мүмкіндіктері болған жоқ. Сондықтан осындай нәрестелер перзентханаларда көз жұмған болатын. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 аптадан асқан және салмағы шамамен 500 грамм болатын баланың өмір сүруге толық мүмкіндігі бар екенін және оның денсаулығын жақсартуға үлкен үміт бар екенін анықтады. Сондықтан соңғы жылдары Қазақстанда және тағы басқа көптеген елде осындай сәбилерді емдеуге тырысады. Бірақ әр баланың денсаулығының зақымдануы әрі дәрігерлік кәсіби шеберлігі мен білімі - ол бөлек сұрақ.
Мүгедектігі бар балалардың саны ресми статистика бойынша көбеюдің тағы бір себебі бар. Менталитет өзгере бастады. Бұрын Кеңес өкіметі кезінде бізде мүгедектігі бар адамдар жоқ деп, арнайы интернаттарда жауып қоятын. Сол кездегі аналар әлсіз болып туса да, тірі қалған нәрестелерді Балалар үйіне қалдырып кетуге мәжбүр болған.
КСРО ресми түрде 1984 жылы ғана Паралимпиада ойындарына қатысты
Сол кезде мүгедектігі бар балалар үйде не Балалар үйінде қамалып отыратын еді. Қазір ата-аналардың, жалпы қоғамның көзқарасы басқаша. Әр адам – адам, әр бала – бала. Қоғам ақырындап, әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлығына тең болу керек екеніне көз жеткізді. Үйде «ерекше» балам бар» дейтін отбасылардың ұялшақтығы азайды.
2016 жылдан бері спортпен айналысатындардың үлесі жыл сайын қаншалықты артты?
- Біздің «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорымызда 10 баладан 1100 балаға артты. Қазіргі таңда жобамыздың бас демеушісі - «Самұрық Қазына Траст» қорының қолдауымен 21 қалада біздің бейімделген спорт үйірмелері ашылған. Жалпы қазір біздің ерекше спортшыларға жобаның аясында 11 спорт түрі қолжетімді болды. Барлығы тегін. Жобаның аясында жас спортшыларымызға мотивация болуы үшін жыл сайын Children Paralympic Games инклюзивті спорт фестивалін өткіземіз. 11 түрлі спорттық додаға қатысады.
11 спорт түрінен 1000-нан аса бала шұғылданады. Дегенмен бұл отандық деңгейде әлі де төмен көрсеткіш қой. Аса мұқтаж балалардың қоғамға кіре алмауына не кедергі?
- Көрсеткіш өте төмен. Бейімделген спорт үйірмелер мүгедектігі бар адамдарға бұқаралық спорт ретінде, әлеуметтік оңалту мен абилитация ретінде әр қалада, әр ауылда мемлекет тарапынан еңгізілуі керек. Ол жайлы мен бірнеше жыл бұрын біздің салалық министрліктерге ұсыныс ретінде талай рет жіберген болатынмын. Ең басты кедергілердің бірі, менің ойымша, қаражаттың аз бөлінуі мен мүгедектігі бар жандардың белсенділігінің төмендігі. Мүгедектігі бар балалардың спортта дамуы олардың ата-аналардың пысықтығымен және жауапкершілікпен байланысты. Ал мүгедектігі бар ересектер өздері белсенді болып, спортпен шұғылданамын деп, мүмкіндіктер іздемесе, мемелекет оны үйден спорт залға әкеле алмайды. Іздену керек, өз құқықтарын қорғауы керек.
Паралимпиадада Ресей мен Украина үнемі көшбасшы орындарға таласып жүреді. Ал Қазақстанда соңғы жылдары мүгедек жандардың спортына көңіл бөлініп жатыр ма?
- Қазақстанда соңғы жылдары паралимпиадалық ойындарға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Алғаш 2016 жылы алтын жүлде алған Зүлфия Ғабдуллина барлық параспортшыға үлкен үміт сыйлады. Паралимпиадалық ойындардың жүлделері Олимпиада жүлделерімен теңестіріледі.
2016 жылға дейін Паралимпиадада орын алғандар үшін Қазақстан тарапынан берілетін сыйақы мөлшері:
1-орын: 50 мың доллар;
2-орын: 35 мың доллар;
3-орын: 25 мың доллар;
4-орын: 14 мың доллар;
5-орын: 6 мың доллар;
6-орын: 4 мың доллар.
2016 жылы енгізілген өзгерістер:
1-орын: 250 мың доллар;
2-орын: 150 мың доллар;
3-орын: 75 мың доллар;
4-орын: 30 мың доллар;
5-орын: 10 мың доллар;
6-орын: 5 мың доллар.
Параспортқа басқаларға қарағанда едәуір көбірек көңіл бөлініп жатыр. Ал Сурдо мен Арнайы Олимпиада спортшыларына қолдау өте аз. Менталды аурулары бар спортшыларға мемлекеттен қарастырылған үйірмелер, мысалы, елімізде тек бірнеше өңірде ғана бар. Ал олардың арасындағы жарыстар да жалпы республикалық деңгейде мемлекет тарапынан өтпейді.
Сау адамның жарысқа қатысу деректері тіркеліп тұрады. Сіздерде ондай жайттар болды ма?
- Біздің үйірмелерге тіркелуі үшін әр спортшы толық медициналық деректер тапсырады. Толық медициналық скрининг болмаса, баланы қабылдамауға құқығымыз бар. Ал жарыс барысында спортшылар тек өздерінің диагноздары, жас ерекшеліктері бойынша бөлініп, жарысқа қатысады. Қазір бізде «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобамыздың аясында церебралды сал ауру, дауна синдромы, аутизм, көзі көрмейтін, есту қабілеті нашар, целиакия, қант диабеті бар, бұрын онкологиямен ауырған, спинобифида, дюшена және т.б аурулары бар балалар мен жастар жыл сайын спортпен шұғылданады.
2016 жылдан бері паралимпиадада Қазақстанның көрсеткіштері жақсара бастады. Осының себебін айта аласыз ба?
- 2015 жылы Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің президенті ретінде меценат Қайрат Боранбаев тағайындалды. Менің ойымша, оның келуімен параспортшыларға үлкен назар аударыла басталды. Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы Астанада ашылды. Бұл орталықта жыл сайын параспорттың әр түрінен ұлттық құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары өтеді. Мысалы, жақында ғана боччадан ұлттық құрама командасы өздерінің оқу-жаттығу жиындарын осы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында өткізді. Бұл орталық - басқа спорт кешендерден гөрі мүгедектігі бар жандарға архитектура жағынан қолжетімді нысан. Әр бөлме, әр спорт зал, дәретханадан бастап, әрбір спорттық құрал-жабдықтар мүмкіндігі шектеулі жандарға өте ыңғайлы.
Жазғы паралимпиадағы статистикамыз:
1996 жыл. 13 спортшы — 0;
2000 жыл. 2 спортшы — 0;
2004 жыл. 8 спортшы — 0;
2008 жыл. 3 спортшы — 0;
2012 жыл. 7 спортшы — 0;
2016 жыл. 11 спортшы — 1 алтын, 1 күміс;
2020 жыл. 26 спортшы — 1 алтын, 3 күміс, 1 қола.
Неге бочча спортын дамытуды қолға алдыңыздар?
- Негізі паралимпиадалық бочча спорт түрі елімізде 2017 жылы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының үйірмесі ретінде ашылды. Бочча спорт түрін біз қимыл аппараты қатты зақымдалған балалар үшін жай спорт үйірмесі ретінде дамытамыз деп ойлағанбыз. Бұл спорт түрі, біріншіден, балаларға оңалту ретінде өте пайдалы. Балалардың спастикасы мен тремор азаяды, ойлау қабілеті дамиды да, балалар өзара қарым-қатынаста болады. Кейбір сөйлемейтін балалар сөйлей бастады.
Енді біздің боччашылар өспей ме? Қазақстаннан тыс, басқа елге жарыстарға қатысу үшін боччаның жоғары деңгейдегі спорт ретінде дамытуға тура келді. Біздің қорымыздағы боччадан ең алғашқы бапкері Сұлтанбек Орынбасарұлының арманы – боччашыларды паралимпиадалық ойындарға апару болатын. Өкінішке қарай, Сұлтанбек 2021 жылы 24 жасында қайтыс болды. Әріптесіміздің бастаған жұмысын әрі қарай дамыту үшін біз Қазақстандық бочча федерациясын аштық. Еліміздің 10 облысында филиал аштық. Сол жылы алғаш Сұлтанбекті еске алуға арналған боччадан республикалық турнир өткіздік. «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасына қатысатын барлық боччашы қатысты.
2022 жылы қазақстандық Бочча федерациясы Спорт комитетінен мемлекеттік аккредиттеу алып, алғаш республикалық боччадан чемпионат өткізіп, ұлттық құрама командасы құрылды.
2023 жылдың басында федерация президенті болып Мәулен Әшімбаев тағайындалды. Ол бочча ғана емес, жалпы инклюзивті қоғам құру жолдарына мемлекет пен қоғамның назарын аударуда. Федерациямыздың демеушілері мен серіктестіктері едәуір көбейді.
Боччада жеңімпаз атану үшін қандай ерекшелік, қабілет болуы керек?
- Шыдамдылық пен табандылық, логикалық ойлауы қабілеті. Бочча шахмат, бильярд секілді. Әр лақтырған доп маңызды, ойынның нәтижесін тек спорт алаңында барлық доп лақтырылған кезде ғана анықталады.
Паралимпиаданың көрсеткіштеріне қарасам, Ұлыбритания, Таиланд, Словакия, Жапония, Оңтүстік Кореяның нәтижелері өте жоғары. Бұл спортта әлемдік көшбасшылар үнемі ауысып отыра ма? Қазақстанның жүлде алу әлеуеті қаншалықты?
-Бочча паралимпиадалық спорт түрі ретінде 1984 жылы қосылды. Басында еуропалық мемлекеттер көп қатысты. Соңғы жылдары паралимпиададан мықтылар ретінде біраз Азия мемлекеті қосылды. Біздің құрама командамыз, бұйырса, тамызда халықаралық жарысқа қатысу үшін Польшаға аттанады. Жүлделі орындарға ие боламыз деген үмітіміз, арманымыз, әрине, бар. Салыстырмалы түрде алсақ, Ресейде бочча 2009 жылдан бастап дамып келе жатқанымен, олардың құрама командасы тек 2021 жылы ғана алғаш рет Токиодағы паралимпиадалық ойындарға лицензия алып, ВС4 класында жұп бойынша 3-орынға ие болды.
Әрине, қазірде біздің боччашыларымыз дайындыққа бар күшін салып жатыр.
Боччадан өткен Қазақстан чемпионатында жүзуден 2016 жылы Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Габдуллина қатысты. Отандасымыз осы спорт түріне ауысып жатыр ма?
- Осы жылғы біздің чемпионаттың ерекшелігі – паралимпиадалық ойындардың жүзуден жеңімпазы Зүлфия Раухатқызы классификациядан өтіп, ВС4 классқа ие болды. Чемпионатқа қатысып, бұл класста басқа әйелдер болмағандықтан, 1-орынға ие болды. Ауыспай-ақ, 2 спорт түрімен де айналысуға болады.
Паралимпиада, жарыстарда жүлде алатын аса мұқтаж адамдар қоғамда танымал бола ала ма?
- Ол үшін БАҚ-та, әлеуметтік желілерде көп айтылып-жазылуы керек. Жоғары деңгейлерге жеткен мүгедектігі бар спортшылар туралы басқа мұқтаж адамдарға, жалпы қоғамға үлгі, мотивация ретінде көп жариялау қажет.
Паралимпиадашылардың танымалдығы артты ма? Токио паралимпиадасында жүлде алған спортшылардың Instagram-парақшаларында оқырмандардың саны қаншалықты көбейген?
Давид Дегтярев (Пауэрлифтинг) - жеңімпаз болған күндегі достығындағы адам саны – 202,
Қазіргі сәт – 1099.
Әнуар Сариев (дзюдо) жүлде алған күндегі достығындағы адам саны – 1963,
Қазіргі сәт – 9663.
Дәулет Теміржан (дзюдо) жүлде алған күндегі достығындағы адам саны – 1080,
Қазіргі сәт — 409.
Зарина Байбатина (дзюдо) – 809,
Қазіргі сәт — 1234.
Нұрдаулет Жұмағали (жүзу) жүлде алған күндегі достығындағы адам саны – 946,
Қазіргі сәт – 7215.
Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Ғабдуллина – 2371 адам,
Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева – 380 адам.
2016 жылдан бері елімізде паралимпиадаға кіретін спорт түрінен көптеген жарыс өтіп жатыр. Неге аяқасты жарыстар көбейіп кетті?
- Инклюзивті қоғам құру жолында келе жатырмыз. Паралимпиадалық ойындарда қай елдің командасы ең үлкен болса, сол елдерде инклюзия қарқынды дамуда және мұқтаж жандарды әлеуметтік қорғау шаралары жақсы деген сөз. Сондықтан тек Қазақстанда ғана емес, барлық дамыған елдер параспортты қолдауға тырысады.
Токио паралимпиадасында ең көп спортшы қатысқан ТОП-5 мемлекет:
Жапония – 254;
Қытай – 248;
Ресей – 234;
АҚШ – 235;
Бразилия – 234.
Халықаралық турнирлерде жүлде алу үшін параспортшыларға қаржылай көмек керек екені белгілі. Бочча спортымен айналысатындар ай сайын жалақы ала ма?
- Әрине, бұл мәселе жайымен шешіліп келеді. Сәуір айынан бастап 4 спортшымыз айлық алып жатыр.
Сұхбатыңызға рақмет!
ЛФК – Емдік Физикалық МәдениетМәдениет
-->2016 жылы сіз және өзге ата-аналардың бастамасымен Махамбет Өтеміс атындағы Оқушылар сарайында алғаш рет каратэден секция аштыңыздар. Оған дейін сіз секілді ата-аналарда ондай идея болмаған ба?