Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жерлесіміз жұптық сайыста ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетуде.
Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.