Спорт

Әмір Омарханов теннистен Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Омарханов екінші айналымда италиялық Лука Констаньоланы 7:5, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, ширек финалда Әмір франциялық Шарль Бертимонмен немесе турнирдің бірінші ракеткасы саналатын германиялық Том Гентцпен кездеседі.