Спорт

Министр Михаил Шайдоровтың жаттығу жұмысымен танысты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Алау» мұзайдыны сарайында 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына және халықаралық жарыстарға дайындалып жатқан мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың көшбасшысы, биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоровтың жаттығуы жұмысымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазіргі таңда «Алау» мұзайдынында еліміздің үздік спортшылары арнайы жеке бағдарлама бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Министр Михаил Шайдоровпен жеке кездесіп, дайындығы, спорттық формасы мен психологиялық жағдайы туралы сұрады. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамымен пікір алмасып, алда келе жатқан маңызды жарыстарға дайындық барысын талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекіткен болатын. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшылар анықталды.