Маунтинбайктан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
11-14 қыркүйек аралығында Швейцарияның әйгілі тау-шаңғы курорты Кран-Монтанада маунтинбайктан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Халықаралық додаға Қазақстан құрамасы да қатысып, ел намысын екі үздік спортшы – Денис Сергиенко мен Егор Карасев қорғайды.
Айта кетейік, Маунтинбайк - таулы, қиын жолдарда өтетін велоспорттың бір түрі. Бұл спорт жоғары физикалық дайындықты, төзімділікті және техника мен тактиканы меңгеруді талап етеді.