Спорт

Марат Омаров УЕФА президентін Қазақстанға шақырды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ресми сапармен Швейцарияның Ньон қаласына барып, УЕФА басшысы Александер Чеферинмен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу барысында Марат Омаров Чеферинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. УЕФА басшысы бұл ұсынысты қабыл алып, 2025 жылы Орталық Азияға алғаш рет келуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қазақстанда ірі еуропалық турнирлерді өткізу мүмкіндігі талқыланды. ҚФФ елімізде Еуропа жастар чемпионатын және Алматы мен Астанада УЕФА Конференция лигасының финалын өткізу туралы ұсыныстар жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша УЕФА Қазақстан футболын дамытуға толық қолдау көрсететінін айқындады. Бұл инфрақұрылымды жақсарту, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, ішкі чемпионаттардың деңгейін көтеру, инвестиция тарту және заманауи футбол технологияларын енгізу мәселелерін қамтиды.

УЕФА және ҚФФ президенттері Қазақстан құрамалары жайлы сөйлесіп, жастар командаларының дамуы мен клубтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады.