Спорт

Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды

Азия чемпионатында 54 келі салмақтағы бокшы Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Ол Таиландтың Чиангмай қаласындағы финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1.

Қазақ спортшысы барлық раундта қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, еш мүмкіндік берген жоқ.

Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд финалда сүрініп, 2-орыннан көрінген болатын.