Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады
19 қыркүйекте Бейжіңде (Қытай) мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл турнир барысында 2026 жылғы Олимпиадаға берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады.
Отандастарымыз екі бағдарламада бақ сынайды.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Сондай-ақ қосалқы құрамда Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов бар.
Ал мұздағы биде Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова сынға түседі.
Айта кетсек, жекелей сайыста Олимпиада жолдамасын үздік бес спортшы иеленсе, мұздағы биде төрт жұп жолдама алады.