«Ұлы дала жорығы»: Марафон-бәйгеде үздік жылқы тұқымы анықталады
Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында тұңғыш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
3-7 қыркүйек аралығында Қазақстан, Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка және Ресей елінен 20-ға жуық команда бақ сынайды.
Марафон-бәйге ең алғаш жылқы қолға үйретілген мекен Ботай қонысынан басталып, Астана төрінде аяқталмақ. Қатысушылар 500 шақырымды еңсеруі керек.
Бұл марафон-бәйгеде әлемнің үздік жылқы тұқымдары анықталады.
-->