Спорт

«Ұлы дала жорығы»: Төртінші кезеңде Астана қаласы жеңімпаз атанды

Екінші мәрте өтіп жатқан «Ұлы дала жорығы» жарысының төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

17 команда Қарағанды облысы Талдысай өңірінен Ұлытау облысы Айдар қыстағына дейінгі 100 шақырым қашықтықты жүріп өтті.

Өкінішке қарай, төртінші кезеңді 3 атпен бастаған Шымкент командасы алғашқы 50 шақырымнан соң, бір атының жарақат алуына байланысты төрешілер шешімімен жарысты тоқтатуға мәжбүр болды. 

Айта кетейік, ереже бойынша команда құрамында кем дегенде 3 қатысушы болу керек. Сонымен қатар арғымақтарының ұзақ қашықтыққа дайын болмауының себебінен ШҚО командасы да додадан шығып қалды.

Төртінші кезеңдегі жүлдегерлер:

1. Астана қаласы 6:55:45;
2. Маңғыстау облысы 7:04:58;
3. Ақтөбе облысы 7:21:09.

whatsapp-image-2023-09-09-at-20.18.29-2.jpeg

Төрт кезеңнен соң 19 құрамадан 15-сі жарысты жалғастырады. Алайда бесінші кезеңде Абай, Қызылорда, Түркістан командалары 4 атпен, Ұлытау мен Павлодар командалары 3 атпен шығады.

3 турдың жалпы нәтижесі (350 шақырым):

1. Маңғыстау облысы 23:36:51;
2. Жамбыл облысы 23:54:33;
3. Жетісу облысы 24:40:02.

Салыстырмалы түрде былтыр 4 кезеңнен соң, 8 команда марафон-бәйгеден шығып қалған еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->