«Ұлы дала жорығы»: «Рекорд» командасына қомақты қаржылай сыйлық бекітілді
Астанадан Түркістанға дейінгі 1 300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен «Рекорд» командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде қоры бекітілді.
1-орынға – 2 миллион теңге, 2-орынға – 1,5 миллион теңге, 3-орынға – 1 миллион теңге беріледі.
Әзірге командадағы 3 шабандоздың уақыты әртүрлі. Атап айтқанда, 13-кезең бойынша Маңғыстау командасының шабандозы 89 сағат 46 минут есебімен алда келе жатыр. Екінші орын – 92 сағат 10 минут уақыт есебімен Жетісу командасының рекордсменінің еншісінде. Үшінші орында – 92 сағат 33 минут есебімен Астана командасының шабандозы тұр.
Марафон-бәйгенің мәреге жетуіне сәл қалды. Әйтсе де тарлан жануарлар әлі де бабында. Ал ертең шын жүйрікке бәйге бұйырып, аты озған аймақ бөрігін көкке лақтырады.
Айта кету керек, «Рекорд» командасы діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар.
-->Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде қоры бекітілді.