Спорт

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпазы анықталды

Арқалық жерінде мәреге жеткен Ұлы дала жорығының алтыншы маусымы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қорытынды бойынша жарыстың жеңімпазы Қырғызстан командасы атанды. Олар барлық кезеңдерде жүйелі жоспар құрып, шешуші сәтте қарсыластарына уақыт бойынша дес берген жоқ.

Екінші орынға Ақтөбе шабандоздары тұрақтады. Қажырлы дайындық пен үздіксіз табандылықтың арқасында ақтөбеліктер жүлделі орыннан көрінді.

Ал үздік үштікті Қостанай құрамасы түйіндеді.