«Ұлы дала қысы» бұқаралық жарысы өз мәресіне жетті
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Астана қаласынан 20 шақырым қашықтықтағы «Балқарағай» демалыс аймағында үшінші рет «ULY DALA QYSY 2023» кедергілерден өту жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Додаға 16-50 жас аралығындағы 150-ден астам еріктілер, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар қатысты. Сайыс барысында қатысушылар 5 шақырымды құрайтын қашықтықта 15-тен астам кедергілерден мүдірмей өтті.
Жеңімпаздар:
Ерлер:
1. Әділет Тоқтаров
2. Рыспаев Қуаныш
3. Өзгеріс Аманбек
Әйелдер:
1. Гүлжан Шакенова
2. Анара Бухарова
3. Динара Тастанова
«Ұлы дала қысы жарысына қатысуға 1-2 күн қалғанда ғана шешім қабылдадым. Жаз мезгілінде де қатысып, 5-орынға тұрақтаған едім. Осы жолы чемпион болатынымды күтпедім. Дегенмен, жеңіске жету үшін өз күшіңе ғана емес, командалық қолдау қажет екенін ұғындым. Нәтижесінде топ жардым. Әйтсе де, кедергілердің тайғақтығы қатысушыларға біршама кедергісін келтірді.
Жеңіл атлетикамен тұрақты айналысамын. Салауатты өмір салтын ұстанайық!», - деп Гүлжан Шакенова өз қуанышымен бөлісті.
Бұдан бөлек қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.
Қанат Байұзақ
-->Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Астана қаласынан 20 шақырым қашықтықтағы «Балқарағай» демалыс аймағында үшінші рет «ULY DALA QYSY 2023» кедергілерден өту жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.