Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жауынгерлік самбодан әлем кубогында чемпион атанды
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жауынгерлік самбодан әлем кубогында чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында ерлер мен әйелдер арасында самбодан әлем кубогы өтті. Екі күн бойы ерлер мен әйелдер 26 салмақ дәрежесінде спорттық және жауынгерлік самбодан бақ сынасты. Турнирдің екінші күнінің қорытындысы бойынша 14 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Боз кілемге 58, 64, 71, 79, 88, 98 келіге дейінгі және 98 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін спортшылар шықты. Жауынгерлік самбо бойынша және әйелдер арасында 59, 65 және 72 келі салмақ дәрежесінде сайыстар өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 3-батальонының атыс взводының зениттік бөлімшесінің маманы, қатардағы Арман Тұрымбетов түрікмен спортшысы Юсуп Тәңірбердиевті финалдық жекпе-жекте жеңіп, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде I орын иеленді.
Қатардағы жауынгер Тұрымбетов Ұлттық ұланда 2022 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2023 жылдың қыркүйегінде ол әлем кубогының екінші орын иегері атанған.
-->Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында ерлер мен әйелдер арасында самбодан әлем кубогы өтті. Екі күн бойы ерлер мен әйелдер 26 салмақ дәрежесінде спорттық және жауынгерлік самбодан бақ сынасты. Турнирдің екінші күнінің қорытындысы бойынша 14 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Боз кілемге 58, 64, 71, 79, 88, 98 келіге дейінгі және 98 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін спортшылар шықты. Жауынгерлік самбо бойынша және әйелдер арасында 59, 65 және 72 келі салмақ дәрежесінде сайыстар өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 3-батальонының атыс взводының зениттік бөлімшесінің маманы, қатардағы Арман Тұрымбетов түрікмен спортшысы Юсуп Тәңірбердиевті финалдық жекпе-жекте жеңіп, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде I орын иеленді.
«Тартысты белдесу болды. Біздің команда татамиде барын салып, шайқасты. Біз Ұлттық ұланның атынан шығып, өнер көрсеткенімізді мақтан етеміз. Сондықтан өзімізге жүктелген сенімді ақтауға тырысамыз. Біз өз шеберлігімізді арттыра отырып, еңбек етуді жалғастырамыз және құқықтық тәртіп әскерлерінің туын мақтанышпен алып жүреміз», – деді қатардағы жауынгер Арман Тұрымбетов.
Қатардағы жауынгер Тұрымбетов Ұлттық ұланда 2022 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2023 жылдың қыркүйегінде ол әлем кубогының екінші орын иегері атанған.