Әлемдік лицензиялық турнир: Үш боксшымыз келесі айналымға өтті
Әйелдер арасында 60 келідегі Римма Волосенко ширек финалға шыққан алғашқы отандық спортшы. Ол Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейроға қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді, деп хабарлайды Elorda.info.
Кешкі сессияда 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.
Сәкеннің келесі қарсыласы – Қазақстанның 2 дүркін чемпионы, осы күндері Бахрейн атынан шығатын Азат Махметов. Жекпе-жек 10 наурызға жоспарланған.
Отандастарымыздың арасынан соңғы болып 92 келідегі Айбек Оралбай шықты. Оның қарсыласы да осал емес еді. Азия чемпионы, екі мәрте әлем чемпионатының ширек финалисі – Санжит Санжит (Үндістан). Дегенмен, Айбек үнді спортшысына қарағанда көбірек соққыларын тигізіп, келесі айналымға өтті.
7 наурыз күні ерлер 63.5, 71, 92 келі және әйелдер 54, 57, 60 келіде жұдырықтасады.
Ұлттық құрама сапынан 5 бірдей боксшымыз өнер көрсетеді.
54 келі. 1/16 финал
Жайна Шекербекова – Шукура Карим (Нигерия)
60 келі. 1/4 финал
Римма Волосенко – Мирослава Жединакова (Словакия)
63.5 келі. 1/16 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Радослав Симеонов Росенов (Болгария) – Еуропа чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі
71 келі. 1/16 финал
Асланбек Шымбергенов – Дамиан Дуркач (Польша) – Токио Олимпиадасының қатысушысы
92 келі. 1/16 финал
Айбек Оралбай – Ханеул Жанг (Оңтүстік Корея)
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
-->Кешкі сессияда 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.