Спорт

Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жартылай финалға өтті

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында әлем кубогының үшінші жарыс күнінде бесінші отандасымыз рингке көтерілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әлем чемпионы, 85 келідегі Бекзад Нұрдәулетов ширек финалда Аустралия өкілі Лачлан Лаусонмен жолы түйісті. Жерлесіміз айқын басымдықпен жеңетіндей көрінсе де, қарсылас үш раунд бойы шыдай алды. Есеп: 5:0.

Енді жерлесіміз жартылай финалда Түркия спортшысы Самет Гумушпен шығады.