Спорт

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар топ жарды

22 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды.

Қазақстан құрамасы ел қоржынына 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль салып, жалпы есепте ең жоғары сатыға жайғасты. 

Алтын медаль алғандар: Боранбек Бексұлтан (51 келі),Төрехан Сабырхан (67 келі),  Өнер Сейілхан (71 келі),  Санжар-Али Бегалиев (75 келі), Елянур Турганова (50 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі).

Жалпы есеп:

1. Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола

2. Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола

3. Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола

4. Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қола