Спорт

Әлем чемпионатына қатысатын палуандардың алғашқы қарсыласы анықталды

Бүгін Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Қазақстандық  спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлады.

55 кг: Ербол Камалиев - Максим Ступакевич (бейтарап атлет)

60 кг: Досжан Өтепқалиев - Хасан Мұхаммед Әл-харти (Сауд Арабиясы)

67 кг: Дін-Мұхамед Қошқар - Адомас Григалюнас (Литва)

72 кг: Мерей Мәулетқанов - Мұхаммед Әли Гёчмен (Түркия) / Әділхан Нұрланбеков (Қырғызстан)

82 кг: Альмир Төлебаев - Кун Шанг (Қытай)

97 кг: Бейбіт Қорғанов - Хайк Хлоян (Армения) / Антон Эрих (Германия)

Грек-рим күресі бойынша алғашқы белдесулер бүгін, Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады.