Спорт

Әлем чемпионаты: Өзге елде бағы жанған Әнуар Мұзапаров

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында өзге елдің намысын қорғап жатқан боксшыларымыз біршама. Соның бірі кезінде Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен 31 жастағы Әнуар Мұзапаров. Қазір Түркияның атынан 54 келіде әлем чемпионатына алғаш рет қатысып жатыр. 

Түркияның ұлттық құрамасына қалай кірдіңіз? 

- Биыл боксты тастап, Түркияға қоныс аударғанмын. Сол сәтте Түркия чемпионатына қатысудың мүмкіндігі туындады. 54 келіде бақ сынап, чемпион атандым.

Өз салмағыңызда қай боксшыны фаворит ретінде санайсыз?

- Менің салмағымда алтынға басты үміткер ретінде Махмұд Сабырхан мен Йосвани Вейтияны (Куба) санаймын. 

Жеребе бойынша, Әнуар Мұзапаров 1/16 финалда Моңғолия боксшысы Доржнямбумен кездеседі. Егер жеңсе, әлем чемпионатының барлық жүлдесін алған Куба қабыланы Йосвани Вейтия шығуы мүмкін. 

Әнуар Мұзапаров Қазақстан чемпионатында қалай өнер көрсеткен?

2015 жыл. 1/2 финал. 52 келі. 

Әнуар Мұзапаров – Азамат Исақұлов 0:3

2016 жыл. Финал. 52 келі. 

Әнуар Мұзапаров – Азамат Исақұлов 0:3

2017 жыл. 1/2 финал. 52 келі. 

Әнуар Мұзапаров – Азамат Исақұлов 0:3

2018 жыл. Финал. 52 келі. 

Әнуар Мұзапаров – Сәкен Бибосынов 5:0

2019 жылы Әнуар Мұзапаров Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Азия чемпионатына қатысып, 1/8 финалда Азат Үсеналиевтен 0:5 есебімен жеңілген еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->