Әлем чемпионаты: Шорт-тректен тағы бір спортшы жартылай финалға өтті
14 наурыз, 2025


Фото: olympic.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшысы Ольга Тихонова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшы 1500 метр қашықтықтағы ширек финалдық сайыста сәтті өнер көрсетті. Мәре сызығын үшінші болып кескен Тихонова әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.
Ал Алина Әжғалиева жартылай финалға шығу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде сынға түседі.
Айта кетейік, осыған дейін дәл осы қашықтықта Әділ Ғалиахметов жартылай финалға жолдама алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

14 маусым, 2025
Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

13 маусым, 2025
Әскери қызметшілер самбодан өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

11 маусым, 2025
Астаналық каратэшілер халықаралық жарыста 15 алтын медаль жеңіп алды

10 маусым, 2025
Футбол: Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға есе жіберді