Әлем чемпионаты: Бүгін бес қазақстандық спортшы жартылай финалда бақ сынайды
Ташкентте ерлер арасында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін бес спортшымыз жартылай финалда бақ сынайды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандықтардан Астана уақытымен сағат 15.00-де басталатын күндізгі сессияда алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шығады.Ол Ресейдің төрт дүркін чемпионы Эдмонд Худоянмен қолғап түйістіреді.
Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта 2017 жылғы әлем чемпионы әрі екі мәрте жүлдегері, кубалық Йосвани Вейтиямен финалға шығу үшін таласады. Дулат Бекбауовқа (67 кг) грузиялық Лаша Гурулиге қарсы тұрады.
Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда Асланбек Шымбергенов үндістандық Нишант Девтенмен кездеседі. Нұрбек Оралбай Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасады.
-->Ташкентте ерлер арасында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін бес спортшымыз жартылай финалда бақ сынайды, деп хабарлады Elorda.info.