Спорт

Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасында неше легионер болған

Шайбалы хоккейден мамыр айында Латвия мен Финляндияда өтетін әлем чемпионатына Ресей, Беларусь елдері мен азаматтығы бар спортшыларға қатысуға рұқсат етілмейді. Осыған орай, ұлттық құрамамыздың бас бапкері Андрей Скабелка орнын босатса, Дмитрий Шевченко, Алексей Маклюков, Егор Петухов, Антон Сагадевте Қазақстан және Ресей азаматтығы бар екендігі анықталды, деп жазады Elorda.info тілшісі.

2004 жылдан бастап Қазақстан заңында екі елдің азаматтығын алуға ресми түрде тыйым салынды. 

Жалпы, 1992 жылдан өткен, яғни 2022 жылға дейін 68 хоккейші Қазақстан азаматтығын алып, әлем біріншілігінде ел намысын қорғапты. Құрама командаға легионерлер 1993 жылы көп қосылған – 7. Одан кейін 2007 және 2018 жылдары 6 легионер әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға келісім берген.

Ұлттық құрамада өнер көрсетуге шешім қабылдаған легионерлерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Олардың алғашқысы Өскеменде туып, Ресейге қоныс аударып кеткендер болса, келесі бір тобы «Қазақмыс» клубында ойнаған легионерлер. Одан кейінгі легионерлердің бір тобы «Барыста» ойнай жүріп, Қазақстан құрамасының намысын қорғауға келісім берген хоккейшілер. Олардың арасында канадалық та, швециялық та, амеркиалық та спортшылар бар.

1992 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері шайбалы хоккейден ұлттық құрама әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысты. 6-8 қараша аралығында өткен бәсекедегі команда сапында екі легионер болды – Игорь Земляной мен Константин Шафранов. Екеуі де еліміздің шығысында дүниеге келген. Игорь Земляной 2003 жылы ресейлік «Авангард» сапына ауысып, араға бір жыл салып сол клубтан бапкер ретінде қалды. Ал Константин Шафранов – Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсеткен алғашқы отандасымыз.

1993 жылы ұлттық құрамамыз алғашқы әлем чемпионатында бақ сынап, С двиизионында өнер көрсетті. Бұл сында негізгі құрамға енетін 23 хоккейшінің жетеуі легионер болды, олар: Леонид Шиляев, Андрей Соколов, Владимир Антипин, Сергей Кислицын, Игорь Беляевский, Андрей Соловьев, Павел Каменцев. Осы аталғандардың арасынан Леонид Шиляев Ресейде туғанымен, әлем біріншіліктерінде Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады.

Келесі, 1994 жылы ұлттық құрамамыз С-1 дивизионында ойнады. Мұнда команда легионерлері қатарында Евгений Набоков, Игорь Никитин, Олег Кряжев, Михаил Бородулин, Анатолий Филатов сынды ойыншылар болды. Мсәеелен, Евгений Набоков 2006 жылы Ресей ұлттық құрамасының ойыншысы атанып, екі жылдан кейін әйлем чемпионы атанды. Ал қазір Құрлықтық хоккей лигасында табысты өнер көрсетіп жүрген ЦСКА-ның алғаш рет чемпионадық атаққа қол жеткізуіне себепші болған Игорь Никитин 2012-2018 жылдар аралығында Пкчкй ұлттық құрамасының бапкерлер құрамына кірген.

1996 жылы ұлттық команда сапына жаңадан екі легионер қосылды – Владимир Антипин мен Игорь Дорохин. Теміртау мен Өскемен тумаларының ұлттық құрама сапына қосылған жылы команда С дивизионында бақ сынады.

Ұлттық құрама 1997 жылы В дивизионында өнер көрсетіп, ол кезде команда құрамына жаңадан екі легионер-хоккейші қосылды – Вадим Гловацкий және Дмитрий Дударев. Олардың алғашқысы Теміртаудың, екішісі Өскеменнің тумасы. Алайда екеуі де мансаптарының біраз бөлігін Ресейде өткізген. 1998 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет А дивизионында өнер көрсетті.

Ал келесі жылы қайтадан В дивизионына түсіп қалып, бұл жолы құрама сапына бес легионер қосылды. Олар – Сергей Огурешников, Виталий Новопашин, Денис Шемелин, Алексей Коледаев пен Петр Девяткин. Оларды елімізге жат деуге, легионер деуге келмейді. Өйткені, бәрі Өскеменнің тумасы. Олар әр жылдары Ресейдің түрлі клубтарында өнер көрсеткен.

2000 жылы хоккейден ұлттық құрамамыз В тобында бақ сынады. Ал 2001 жылы І дивизионда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл жылы қазір астаналық «Барыстың» бапкерлер құрамында қызмет етіп жүрген Федор Полищук құрама сапын толықтырды. Ол Өскемен хоккей мектебінің түлегі болғанымен, Украинада дүниеге келген.

2002 жылы құрама командамыз І дивизионда өнер көрсетуін жалғады. Бұл кезде құрама сапында кейіннен Ресей азаматтығын алған Алексей Васильченко өнер көрсетті. Ол 2002-2019 жылдар аралығында Ресейде ойнаған. 2008-2011 жылдары «Барыста» өнер көрсетсе, 2017 жылы «Металлург» сапында астаналық клубқа қарсы ойнап, Брэндон Боченскийді сұлатып түсірді. Салдарынан Қазақстан құрамасы мен «Барысқа» шақырту алмай, Ресей азаматтығын алды.

2003 жылы Қазақстан тағы да І дивизиондағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп, тұңғыш рет топ-двиизионда ойнауға жолдама жеңіп алды. 2004 жылы екі жыл Германияда ойнаған өскемендік Вадим Рифель ұлттық құрамада өнер көрсетсе, келесі жылы Евгений Блохин қатарға қосылды. Евгений Блохин 1996-2015 жылдары аралығында Ресей клубтарының намысын қорғаған. Ал 2006 жылы шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан үшінші рет элиталық дивизионда бақ сынап, өкінішке қарай, І дивизионға түсіп қалды.

2007 жылғы әлем біріншілігінен бастап ел құрамасына Ресейде туып-өскен хоккейшілерді шақырту белең ала бастады. Мәселен, сол жылы құрама командаға шақырту алған Александр Бызов, Артемий Лакиза, Алексей Коршков, Евгений Ушков, Лев Крутохвостов және Константин Касаткиннің бәрі де солтүстіктегі көрші елде дүниеге келген. Мансаптарының барысында қазақстандық клубтарда жақсы өнер көрсеткендері үшін ұлттық құрамада өнер көрсетуге мүмкіндік алған.

2008 және 2009 жылдары Қазақстан командасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында ойнады. Бұл екі жылы да елдің басты командасына Ресейде туған екі хоккейші келіп қосылған – Илья Соларев және Иван Полошков. Бірі «Қазақмыс», екіншісі «Казцинк-Торпедо» сапында ойнап, ұлттық құрамаға шақырту алған. 

2009 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрамамыз элиталыұ дивизионның жолдамасын жеңіп алды. 2010 жылғы чемпионатқа да көптеген ресейлік ойыншылар Қазақстан азаматтығын алып, команда сапына қосылды. Олардың ішінде Антон Казанцев, Алексей Васильченко, Дмитрий Дударев пен Евгений Бумагин бар. Бұлардың арасында тек Дмитрий Дударев Өскеменде туған, қалған үшеуі де Ресей тумасы.

Элиталық двиизионда бақ сынағанда әрдайым отандық хоккейшілерден деңгейі бір саты жоғары саналатын ресейлік спортшылар болғанымен, ол ұлттық құраманың топ-дивизиондағы орнын сақтап қалуына көмектеспеді. Сөйтіп, 2011 жылы Қазақстан тағы І дивизионда ойнады. Бұл жолы Ресейде туып, «Барыста» ойнаған Константин Романов Қазақстан азаматтығын алып, әлем чемпионатында ел намысын қорғады.

2012 жылы тағы топ-дивизионға өттік. Мұнда да команда сапына жаңа екі легионер қосылды. Ресейде туған Алексей Иванов пен Андрей Корайбейников «Барыс» пен «Казцинк-Торпедода» өнер көрсетіп, кейін ұлттық құрамада ойнауға шақырту алған.

Сол жылдары ұлттық құрама сапына сан түрлі ойыншылар келіп қосылып жатқанымен, тұрақты түрде элиталық дивизионда өнер көрсету мүмкін болған жоқ. Сөйтіп, 2013 жылы жанкүйерлер Қазақстанның тағы да топ-дивизионның жолдамасына таласқанын көрді. І дивизиондағы әлем біріншілігіне барар алдында ұлттық құрама қатарын қақпашы Павел Полуэктов пен Виктор Александров толықтырды. Павел Полуэктов Ресейде туған, «Барыста» және өзге қазақстандық клубтарда өнер көрсетті. Виктор Александров болса Өскеменнің тумасы, «Барыста» 3 жыл ойнапды, мансабының өзге бөлігін Ресейде өткізген.

Бұған дейін Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алғандар қатарында тек ресейлік ойыншылар болса, 2014 жылы алғаш рет канадалық хоккейші Кевин Даллмэн біздің еліміздің намысын қорғайтын болды. Одан бөлек, сол жылғы топ-дивизиондағы әлем біріншілігінің алдында Михаил Паньшин мен Алексей Анциферов Қазақстан азаматтығын алды. Ресейде туып-өскен екі хоккейші де «Барыс» сапында өнер көрсетіп, содан соң ұлттық құрамада ойнауға шақырту алған.

2015 жылы қайтадан І дивизионға түсіп қалдық. Ұлттық құрамадағы бұған дейін Қазақстан азаматтығын алған легионерлерден өзге, Вячеслав Трясунов пен Константин Руденко қатарға қосылды.

Келесі жылы тағы да әлемнің алпауыт командаларымен жоғары дивизионда өнер көрсеттік. Сол, 2016 жылы Кевин Даллмэннің отандастары Найджел Доус пен Дастин Бойд және америкалық хоккейші Брэндон Боченски әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын болды. Одан бөлек, «Барыста» ойнаған тағы бір хоккейші ресейлік Владимир Маркелов ұлттық құрамаға шақырту алды.

Құрлықтық хоккей лигасында «ББД – Боченски – Бойд – Доус» деп атой салған үштік Қазақстан ұлттық құрамасында да өнер көрсете бастағанымен, 2016 жылғы әлем біріншілігінде табысты нәтиже байқалған жоқ. Керісінше, команда тағы да І дивизионға түсіп қалды. 2017 жылы ресейлік Дмитрий Степанов пен Иван Кучин және канадалық Мартен Сен-Пьер Қазақстан азаматтығын алды. Одан бөлек, бұл жолы командада Боченски, Бойд, Доус және Даллмэн сияқты ойыншылар болды, десе де топ-дивизионға қайта шығу бағы ұлттық құрамамызға бұйырмады.

2018 және 2019 жылдары да Қазақстан ұлттық құрамасы І дивизиондағы әлем біріншілігінде бақ сынады. Венгрия астанасы Будапештте өткен бәсекеде де ел құрамасының қатарына бірқатар легионерлер қосылды. Қақпашы Хенрик Карлссон, ресейлік Егор Шалапов, Ярослав Евдокимов, Егор Петухов, Дмитрий Гурков пен Павел Акользиндер Қазақстан азаматтығын алды. Бірақ бұл турнирден команда тағы да топ-дивизионның жолдмасынсыз қайтты.

Ал 2019 жылы Астанада өткен І дивизиондағы әлем біріншілігі алдында Даррен Дицтің енді Қазақстан азаматы екені, одан бөлек Алексей Маклюков, Антон Некряч пен Дмитрий Шевченконың ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алғаны белгілі болды. Сол жылы Андрей Скабелка бастаған ұлттық құрама араға 4 жыл салып топ-дивизионға қайта оралды. 2020 жылғы топ-дивизиондағы әлем біріншілігі әлемді жаулаған коронавирус дертінің салдарынан болмағаны баршаға белгілі. Ал 2021 жылғы жаһандық додаға ұлттық құраманы Юрий Михайлис бастап барды. Бұл жолы бұған дейін «Барыста» табысты өнер көрсеткен қорғаушылар Джесси Блэккер мен Виктор Сведбергтің ұлттық құрама сапында ойнауға келісім бергені белгілі болды. Осылайша, Қазақстан құрама командасы сапында қазақ жерінде туып-өскен хоккейшілерді саусақпен санауға болатындай жағдай туындады. Оған қоса, 2021 жылғы әлем біріншілігінің бір артықшылығы ешқандай команданың топ-дивизионнан шықпайтыны еді. 2021 жылы Хенрик Карлсонның ұлттық құраманың негізгі қақпашысы ретінде әлем чемпионатына аттанғаны да көпшілікке белгілі. Десе де, ол әлем біріншілігінің басталуына санаулы күн қалғанда, ұлттық құрама қатарынан өз еркімен кетіп қалған болатын. Осылайша, сол додада Никита Бояркин негізгі қақпашы рөлін атқарып, өзіне артылған жүкті лайқыты деңгейде көтеріп шықты.

2022 жылғы әлем біріншілігіне Ресейде туған қақпашы Илья Румянцев алғаш рет барды. Бұл жолы да Қазақстан ұлттық құрамасы мінез көрсетіп, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Ал биыл Латвияның Ригасы мен Финляндияның Тампересінде өтетін әлем біріншілігінде жағдай өзгеше болмақ. Өйткені, Андрей Скабелканың бапкерлер құрамы әлем чемпионатына бара алмайды. Өйткені, Латвияға Ресей мен Беларусь азаматтарына кіруге тыйым салынған. Одан бөлек, 2018 және 2019 жылдары Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама намысын қорғауға келісім берген бірқатар ойыншылардың төлқұжат мәселесіне байланысты әлем біріншілігіне бара алмайтыны мәлім болды. Сол жылдары Қазақстан азаматтығын алғандар қатарынан тек Дмитрий Гурковтың Ресей төлқұжатынан бас тартып, Латвиядағы әлем біріншілігіне баруға келісмі бергені анықталды. Одан бөлек, қазір ұлттық құрама Даррен Диц, Джесси Блэккер және Виктор Сведберг сынды легионер-хоккейшілер ұлттық құрама сапына келіп қосылады деп күтіп отыр. Көптеген легионер-ойыншылардың осы әлем біріншілігінде Қазақстан намысын қорғай алмайтыны қазақ жастарының жолын ашты. Биыл алғаш рет ұлттық құрамаға шақырту алғандардың көп бөлігі Қазақстан хоккей мектебінің тәрбиеленушілері. Ал олардың қайсысы негізгі құрамға өтіп, 12-28 мамыр аралығында өтетін әлем чемпионатында қалай өнер көрсететінін уақыт көрсетеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

-->