Спорт

Ұландық жауынгер әлем чемпионы атанды

Ұландық жауынгер грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 2-8 қыркүйек аралығында Испания мемлекетінің Понтвердер қаласында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста  еліміздің намысын қорғау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімнің сарбазы Ислам Евлоев те жарысқа атанды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«82 келіге дейінгі салмақта бақ сынасқан ұландық  қарсыластарына дес бермей финалда түркиялық спортшыны айқын басымдылықпен жеңіп, ел қоржынына алтын алып келді. Бұл жарыс мен үшін өте ерекше болатын. Себебі, әлем чемпионатында топ жару әрбір спортышының мақсаты. Мен бүгінде сол мақсатыма жетіп отырмын. Әлем чемпионы болу –  бұл менің бала кезден келе жатқан арманым. Әлемнің үздік балуандарымен боз кілемде кездесу ауыр болғанымен, бар күшімді салып алтын алып келді. Мені қолдаған барша жаңкүйерге рақмет», -деді Ислам Евлоев.

Айта кетейік, әлем біріншілігінде еліміздің командасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп екінші орынға тұрақтады.