Ұландықтар мини-футболдан мықтыны анықтады
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының спорт залында мини-футболдан командалық чемпионат өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Турнирге құқықтық тәртіп әскерлерінің басқармалары, қызметтері мен орталықтарынан құралған 15 команданың 120 әскери қызметшісі қатысты. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жарыстың басты мақсаты — әскери ұжым арасында командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир қорытындысы бойынша:
I орын — Әскерлерді басқару орталығының командасы;
II орын — Автоматтандыру басқармасының командасы;
III орын —Жауынгерлік даярлық бас басқармасы, Әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бөлімі командасы иеленді
Жеке номинациялар бойынша:
Үздік ойыншы — серверлік жабдықтар бойынша техникалық көмек тобының маманы (технигі) қатардағы Әділ Жандәулет;
Үздік қорғаушы — ақпараттық-баспа бөлімі бейнестудия бөлімшесінің бастығы капитан Ұлан Борамбаев;
Үздік қақпашы — Әскерлерді басқару орталығы қызметі бастығының көмекшісі сержант Еркін Қабылов;
Ең үздік гол авторы — ИТЖ орталығы техникалық күзет құралдары тобының маманы (технигі) аға сержант Сәбит Жақсыбаев үздік деп танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Спартакиада — Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында бірлік, кәсібилік пен спорттық шеберлікті нығайту.