Ұландық сарбаздар ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды
Қарағандыда Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында спорттық самбодан жарыстар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұллтық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүкіл ел бойынша 150-ден астам спортшыдан құралған 25 команда қатысты.
Ұлттық ұлан құрамасы алғаш рет тарихта айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Олар ІІМ командасын (2-орын) және ФСО «Динамо» командасын (3-орын) артта қалдырды.
Ұлттық ұлан сарбаздарының жекелей нәтижелері: 58 келі – 1 орын - қатардағы жауынгер Әділет Елемесов (5451 әскери бөлім); 64 келі – 1 орын - қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нүрсейітов (6654 әскери бөлім); 71 келі – 3 орын - қатардағы жауынгер Махамбет Қонысбаев (3660 әскери бөлім);
79 келі – 1 орын - қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынов (5573 әскери бөлім); 88 келі – 2 орын - қатардағы жауынгер Азат Қуанов (6655 әскери бөлім); 98 келі – 1 орын - қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев (6636 әскери бөлім); +98 келі – 1 орын - қатардағы жауынгер Санжар Жабборов (5573 әскери бөлім).
Бұл жеңіс – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары физикалық дайындығының, жауынгерлік рухы мен кәсіби шеберлігінің жарқын дәлелі. Олар беделді жарыстарда Ішкі істер министрлігінің абыройын асқақтатып жүр.