Спорт

Ұландық Азия чемпионы атанды

Елордалық Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің  әскери қызметшісі ефрейтор Ержан Еренқайыпов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдодан Азия ашық кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҰлттықElorda.infoҰлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28-29 сәуір аралығында Кувейт - Эль-Кувейт мемлекетінің астанасында өткен жарысқа әлемнің 27 елінен 150-ден астам спортшы қатысты.  

- Мен «Азия-2023» ашық кубогының әрбір қатысушысына алғыс айтамын және олардың дзюдо спортына қатысқаны  үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Біздің мақсатымыз - дзюдоны әлемдік деңгейде насихаттау. Бұл турнир Достық, тәртіп және Құрмет ұранымен өтті, менің ойымша, келесі жылдары да жақсы дәстүр ретінде сақталады", - деді Кувейт Дзюдо федерациясының президенті Юсеф Дели Аль-Энези. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының атынан 8 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 15 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте алтын медальдар бойынша Оңтүстік Корея құрамасынан жеңіліп, Азия Ашық Кубогы рейтингінде екінші орынға ие болды - қазақстандық спортшылардың қоржынында 7 медаль болды: 2 алтын, 2 күміс және 3 қола. 

- Әлемдік аренада біздің құраманың атынан алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Финалда мен түрікмен дзюдошысы Довран Язкылычовпен кездестім. Бұл керемет жекпе-жек болды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановқа осы жарыстарда Қазақстан құрамасына қатысуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ өз жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, - деді ефрейтор Ержан Еренқайыпов.

-->